15 қазан 2021 17:55

Тоқаев Ауғанстанға көмек көрсету туралы пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси көзқарастар мен жеке мүдделерге қарамастан, өзге мемлекеттерді Ауғанстандағы мәселеге бейжай қарамауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев саяси көзқарастар мен жеке мүдделерге қарамастан, өзге мемлекеттерді Ауғанстандағы мәселеге бейжай қарамауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі заман қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жетілдіруді талап етеді. Біздің осы саладағы өзара іс-қимылымыздың негізгі бағыттары әскери ынтымақтастық тұжырымдамасында, сондай-ақ, 2025 жылға дейінгі сыртқы шекараларда қауіпсіздікті нығайту жөніндегі бағдарламада белгіленген. Бұл ретте терроризмнің, діни эксремизм мен есірткі саудасының күшейе бастаған сын-қатерлеріне қарсы бірлесіп күресуге мән беру керек.

Қазақстан БҰҰ-ның ұстанымын құптайды. Осы елдегі ауыр гуманитарлық жағдай халықаралық қауымдастықтың назарында болу керек. Саяси ұстанымдарымызға немесе жеке мүддемізге қарамастан, Ауғанстан халқын бұл қиындықтармен бетпе-бет қалдырмауымыз керек", - деді Президент.

"Қазақстан қазірдің өзінде азық-түлік пен бірінші қажеттіліктегі тауарларды жеткізуге кірісті. Бұл жұмысты жүйелеу мақсатында Ауғанстанға халықаралық гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі логистикалық хаб құруды ұсынамыз.

Дағдарыстың өткір кезеңін еңсергеннен кейін Ауғанстанға БҰҰ институттары тарапынан одан әрі жүйелі қолдау қажет болатыны анық. Бұл маңызды міндетке Алматыда БҰҰ Өңірлік орталығын құру туралы біз ұсынып отырған бастама жауап береді", - деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Ол өзге елдерінің осы жоспарларды жүзеге асыруға жәрдемдесуіне үміт білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram