16 сәуір 2019 | 16:39

Тоқаев Франция халқына көңіл айтты

© Day.Az

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нотр-Дамдағы алапат өртке байланысты Франция халқына көңіл айту сөздерін арнады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нотр-Дамдағы алапат өртке байланысты Франция халқына көңіл айту сөздерін арнады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Француз және әлемдік мәдениеттің бірегей ескерткіші, Париж Құдай аналары соборындағы алапат өртке байланысты Франция президенті мен халқына шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Париж - құдай аналарының соборындағы өрт 15 сәуірде кешкі уақытта басталды. Салдарынан ғимараттың мұнарасы құлады. Собордың көтергіші өртке оранған. Бұл өртке 400-ге жуық өрт сөндіруші жұмылған. Бүгін Париждегі құдай аналарының соборында шыққан өрт сөндірілді.

"Өрт сөндірілді. Біз қалған жердегі өрт ошақтарын қадағалап отырмыз, сондай-ақ жалын тараған жерлерді суытып жатырмыз. Өрт қайталанбауы үшін алдын-ала шаралар қолдандық", - деді Париждегі өрт сөндіру қызметінің ресми өкілі Габриэль Плюс Figaro газетіне берген сұхбатында. 

Франция президенті Эммануэль Макрон бұл жағдайға байланысты оз ойын білдірді. Ол соборды қайтадан орнына келтіруге сөз берген. Сондай-ақ собордың есігі келушілерге алдағы уақытта да ашық болатынын мәлімдеді.

БАҚ өкілдерінің мәліметінше, өрт себебі соборда болып жатқан жөндеу жұмыстары болуы мүмкін.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная