ПОДЕЛИТЬСЯ
30 сәуір 2021 | 08:51
Тоқаев қырғыз-тәжік шекарасындағы атысқа байланысты пікір білдірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз-тәжік шекарасындағы атысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз-тәжік шекарасындағы атысқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасындағы қарулы қақтығыс туралы ақпаратты асқан алаңдаушылықпен қабылдадым.
Қырғыз бен тәжік халықтары біздің бауырларымыз, тарихымыз бен мәдени құндылықтарымыз ортақ.
Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымызға бейбітсүйгіштік, төзімділік пен өзара сыйластық тән.
Қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімді және екі мемлекеттің уәкілетті өкілдері арасында келіссөздердің басталғанын қолдаймын.
Қырғызстан мен Тәжікстан басшылығы даналық танытып, барлық даулы мәселелерді тек қана бейбіт жолмен шешетініне сенімдімін.
Өз тарапымнан мәселені шешудің тиімді жолдарын қарастыруға және өзара сенімді қайта қалпына келтіруге күш салуға дайынмын.
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуі аясында мұндай шекаралық қақтығыстарды реттеудің тетіктерін қарастыру қажет деп санаймын", - делінген Президент мәлімдемесінде.
Еске салайық, кеше қырғыз-тәжік шекарасында жағдай шиеленісіп, атыс басталғаны хабарланған болатын. Артынша кеше, 29 сәуірде кешкі уақытта екі ел атысты тоқтату туралы шешімге келген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также