ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 22 наурыз 2022 09:20
Тоқаев Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысы Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы маңында China Eastern Airlines әуе компаниясы жолаушылар ұшағының апатқа ұшырағанына байланысты көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдаған.
"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ, достас қытай халқына қайғыра көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу