Токиода бір тәулікте 3 мың COVID-19 жұқтыру дерегі тіркелді - БАҚ

Олимпиада өтіп жатқан Жапония астанасы Токиода коронавирус инфекциясының рекорд көрсеткіші тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Олимпиада өтіп жатқан Жапония астанасы Токиода коронавирус инфекциясының рекорд көрсеткіші тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жергілікті "Майнити" газетінің мәліметінше, бір тәуллікте коронавирус инфекциясын жұқтыру бойынша жаңа жағдайлар саны үш мыңнан асқан.

Өз кезегінде NHK телеарнасы 2 848 адам вирус жұқтырғанын хабарлады.

Реклама
Реклама

Бұған дейін бір тәулікте тіркелген рекорд көрсеткіш - 2520 жағдай. Ол 7 қаңтарда байқалған.

Айта кетейік, Токио Олимпиадасы коронавирус пандемиясына байланысты бір жыл кейінге ауыстырылып, биыл 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Спорттың 33 түрінен 339 категорияны қамтыған бұл Олимпиада, тарихта ең ауқымды Олимпиада деген атпен қалмақ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама