Жапонияның астанасы Токионың солтүстік-шығысында 6,3 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды РИА Новости жапониялық метеорологиялық агенттігіне сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулерінің ошағы шамамен 10 шақырым тереңдікте - Ибараки префектурасында болған. Әзірше қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Метеорологтар цунами қаупінің жоғын айтады.
Токиода күші үш балға тең жер сілкінісі болған.