10 мамыр 2021 | 12:21

Токиолықтар Олимпиада ойындарының өтуіне қарсы шықты

Фото: Reuters

Жапония астанасында Олимпиада ойындарының өтуіне қарсылық білдірген халық ереуілге шықты, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жапония астанасында Олимпиада ойындарының өтуіне қарсылық білдірген халық ереуілге шықты, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, тұрғындар спорттық шарадан кейін коронавирус індетінің ушығып кетуіне алаңдаулы.

Ұлттық стадион алдында жиналғандардың сөзінше, пандемия кезінде жарысты өткізу орынсыз. Сонымен қатар, наразылар Олимпиаданың кедейлерге кесірі тиеді" деп ұрандатты. 

Реклама
Реклама

Олардың айтуынша, қазірдің өзінде Жапония билігі қазынадан 15 миллиард 4 миллион доллар қаражат жұмсаған. Ал халықаралық олимпиада комитеті болса телекөрсетілім арқылы бұл сома өтеліп миллиардтаған кіріс келетініне сенімді.

"Соңғы кездері Олимпиада ойындарына қарсы шыққандардың саны артып барады. Бұған аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың ушығуы себеп. Бұл алаңдадатын жайт. Сонда да шараны тоқтату мүмкін емес сияқты. Тіпті айтарға сөзім жоқ", - дейді жергілікті тұрғын Кумико Суто.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная