Тоқаев АҚШ-тың Сирияға жасаған соққысы жайлы: Халықаралық шиеленістің жаңа толқыны

Қасым-Жомарт Тоқаев. © Тұрар Қазанғапов

?Р Парламент Сенатыны? спикері ?асым-Жомарт То?аевты? ойынша, А?Ш-ты? Сирияда?ы ?уебаза?а шабуылы ?а?ты?ыстарды то?тату келісс?здеріне кері ?серін тигізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Парламент Сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойынша, АҚШ-тың Сириядағы әуебазаға шабуылы қақтығыстарды тоқтату келіссөздеріне кері әсерін тигізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"АҚШ-тың Сириядағы әуебазаға шабуылы сол елдегі соғысты тоқтату келіссөздеріне кері әсерін беруі мүмкін. Халықаралық шиеленістің жаңа толқыны", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі өз парақшасында. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, АҚШ-тың Жерорта теңізіндегі Ross және Porter екі әскери кемесі кемінде 59 "Томагавк" (ұшатын ракеталар)  ракеталарын Сирияның Хомс аймағындағы Шайрат аэродромына бағыттаған. Пентагонның пайымынша, Сирия әскері осы жерден рейдтер жүргізеді. РИА Новости шабуыл жасалған базаның эксклюзивті суреттерін жариялады.

Америкалық тараптың мәліметі бойынша, әуе базасында ресейлік әскерилер де болуы мүмкін. Бұл АҚШ-тың Сирия әуе базасына жасалған ең ірі соққысы. 

Шайрат әуе базасына жасалған соққыдан бейбіт тұрғындардың қаза болғаны жайлы Хомс аймағының губернаторы Талал Баррази жергілікті Маядин арнасына мәлімдеді.

"Алдын ала мәлімет бойынша, соққы салдарынан бес адам қаза болып, жеті адам жарақат алды", - дейді губернатор. Соққыдан кейін өрт басталған, бірақ зардап шеккендер туралы әлі нақты мәлімет жоқ. 

Сирия опозициясы сейсенбіде химиялық қарумен жасалған шабуылдан салдарынан Хан-Шейхун қаласында 80 адамның қаза тауып, 200 адамның жараланғанын мәлімдеген еді. Оппозиция бұл жағдайға қатысты үкімет әскерін айыптап отыр. Ал сириялық әскер басшылығы мұны жоққа шығарып, бұл шабуылды содырлар жасағанын мәлімдеген. 

Ал РФ президенті Валдимир Путин АҚШ-тың Сирияға жасаған соққылары Ресей мен Америка қарым-қатынасына зиянын тигізіп, терроризммен қарсы күрестің халықаралық коалициясын құруға бөгет деп есептейді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама