Төрт ай бұрын жерленген ер адам тірі табылды

Фото: youm7.com

Мысырда төрт ай бұрын жерленген ер адам тірі табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мысырда төрт ай бұрын жерленген ер адам тірі табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мохаммед Әл-Гаммаль биыл қаңтарда жоғалған. Отбасы ер адамды іздегенімен, нәтиже болмаған. Туыстарының журналистерге айтуынша, ер адамның психикалық ауруы болып, үйден жиі кетіп қалады екен. 

Біраз уақыттан кейін, мысырлықтың отбасына жергілікті ауруханада жұмыс істейтін туысқаны қоңырау шалып, емханаға ер адамның мәйіті жеткізілгенін айтады. Барлық туысы оның Мұхаммед екенін мәлімдейді.

Реклама
Реклама

Мәйіттен ДНҚ үлгісі алынады, бірақ отбасы тест нәтижесін күтпей, жерлеу рәсімін наурыздың соңында өткізуге шешім қабылдады.

Төрт айдан кейін түнде бір топ жас зираттың айналасында кезіп жүрген адамды байқаған. Оны полиция бөлімшесіне жеткізген, сол жақта ер адамның жоғалып кеткен Эль-Гаммаль екені анықталған. Әзірше ер адамның осы уақыт бойы қайда болғаны белгісіз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама