10 шілде 2020 | 09:19

Тойда 100-ден аса қонақ коронавирус жұқтырды

Фото: Life24.uz

Өзбекстанда 4 тойда 110 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Podrobno.uz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өзбекстанда 4 тойда 110 адам COVID-19 жұқтырды, деп хабарлайды Podrobno.uz.

"Той, түрлі рәсімдер мен отбасылық шараларды өткізу вирустың таралуына ықпал етіп жатыр. Мысалы, 4 тойда 110 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде Юнусабад ауданында өткен бір тойда 79 адам COVID-19 жұқтырды. Сондықтан лимитті сақтаған жөн. Тойға 30 адам қатысуы керек. Ол үшін тойды 3 рет өткізу қажет", - дейді Өзбекстанның денсаулық сақтау министрі Әлішер Шадманов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, соңғы 14 күнде елдегі азаматтардың 52 пайызы, шетелден келген өзбекстандықтардың 48 пайызы коронавирус жұқтырған.

9 шілдедегі мәліметке сәйкес, Өзбекстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 11 447-ге жетті. 7 082 науқас дертінен айықты, 49 адам қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная