21 маусым 2020 13:22

Тойда қонақтар мен қалыңдық COVID-19 жұқтырды

Фото: iStock

Өзбекстандағы үйлену тойында қалыңдық пен 12 қонақ коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Өзбекстан агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзбекстандағы үйлену тойында қалыңдық пен 12 қонақ коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sputnik Өзбекстан агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға Ташкент қаласындағы Юнусабад ауданында болған.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, әйел 4 күн ішінде екі ұлын үйлендіріп, той жасаған. Алайда тойға қатысқан 12 қонақ пен қалыңдық коронавирус жұқтырған. Олармен байланыста болған ондаған адам карантинге алынды.

Сондай-ақ, басқа қонақтар COVID-19 вирусына тест тапсырып, стационардағы немесе үйдегі карантинге жатқызылған.

Бұл оқиға бойынша эпидемиологиялық тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 6 мыңнан асты.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram