Трамп әкімшілігінің үстінен Сирияға соққы жасау ісі бойынша сотқа арыз түсті - БАҚ

Protect Democracy ба?ылау ?йымы А?Ш президенті Дональд Трампты? ?кімшілігіні? Сирия?а зымыран со??ысын жасау туралы шешіміне ?атысты сот?а ша?ымданды, - деп жазады New York Times.

Protect Democracy бақылау ұйымы АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігінің Сирияға зымыран соққысын жасау туралы шешіміне қатысты сотқа шағымданды, - деп жазады New York Times.

АҚШ-тың экс президенті Барак Обаманың командасындағы бұрынғы заңгерлерден тұратын ұйым басшылығының сот арқылы Трамптың әкімшілігін осы шешімді қабылдауда қандай заңды негіздерге сүйенгенін түсіндіріп беруді міндеттемекші екені айтылады.

"Барлығымыз біздің конституциялық демократиямызда атқарушы биліктің басқа елдерге шабуыл жасауына заңмен шектеу қойылғанын түсіну керекпіз", - деп келтіреді басылым Protect Democracy ұйымының құқықтың мәселелер жөніндегі директоры әрі Барак Обаманың бұрынғы заңгері Джастин Флоренстың сөзін.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, заңгерлердің әкімшіліктен Трамптың зымыран соққы жасауға бұйрық бере алатынын растайтын ішкі құжаттарды көрсетуін талап етіп жатқаны айтылып отыр. Себебі  БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен АҚШ конгресі Дональд Трамптың бұл шешіміне рұқсат бермеген.

Еске салайық, 6 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресстің бірнеше мүшесіне Идлибтегі химиялық шабуылға байланысты әскери соққы жасау жайын қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын. Трамп бұл мәселені Қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен талқылаған еді. Ал 7 сәуірде АҚШ Сирияның аэродромына ракеталық соққы жасаған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама