ПОДЕЛИТЬСЯ
09 сәуір 2019 | 10:17
Трамп АҚШ Құпия қызметінің басшысын қызметінен босатты
Америка президенті Дональд Трамп АҚШ Құпия қызметінің басшысы Рэндольф Аллесті қызметінен босатты. Ақпаратты Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Америка президенті Дональд Трамп АҚШ Құпия қызметінің басшысы Рэндольф Аллесті қызметінен босатты. Ақпаратты Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости ақпарат порталына сілтеме жасап.
"АҚШ Құпия қызметінің басшысы Рэндольф Аллес агенттікте соңғы екі жылда тамаша жұмыс атқарды, президент оған елімізде атқарған қырық жыл қызметі үшін алғыс білдірді. Мистер Аллес жақын арада қызметінен кетеді. Трамп оның орнына Джеймс Мюррейді таңдады", - деп мәлімдеді Сандерс.
Рэндольф Аллес АҚШ Құпия қызметінің директоры болып президент бұйрығымен 2017 жылы сәуірде тағайындалған.
АҚШ-тың құпия қызметі америкалық ақшаның қолдан жасалмауын қадағалауға, сондай-ақ ел басшысы мен жоғары лауазымды қызметкерлерін, негізгі үкіметтік және инфрақұрылымдық нысандарды қорғауға жауап береді. Соңғы онжылдықтарда құпия қызметтің міндетіне киберқылмыстарды тергеу де кіреді.
CNN тілшілері қызметінен босату шешімін болған бір оқиғамен байланыстырып отыр. Жақында Қытай азаматшасы ҚХР-дың екі төлқұжатымен және флэш-жадымен Флорида оңтүстігіндегі Дональд Трамптың Мар-а-Лаго аумағына заңсыз кірген.
Бұған дейін Дональд Трамп АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігінің басшысы Кирстен Нильсен өкілеттігін тоқтатқанын жариялаған еді, ол 10 сәуірде жұмыс орнын босатуы тиіс.
Показать комментарии
Читайте также