Трамп АҚШ-НАТО қарым-қатынасы туралы айтып, Гренландияға тағы сес көрсетті

Трамп АҚШ-НАТО қарым-қатынасы туралы айтып, Гренландияға тағы сес көрсетті Фото: Ақ үй

АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбі күні Гренландия АҚШ бақылауында болуы тиіс екенін тағы да мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі HuffPost басылымына сілтеме жасап.

Трамптың пайымдауынша, Гренландияның АҚШ құрамына өткенінен бәрі ұтады.

"НАТО-мен қарым-қатынасымның нашарлауына осы себеп болды, өйткені Гренландия Данияға ешқандай көмек бермейді. Дания Гренландияға нақты көмек көрсету үшін қаржы шығындап отырған жоқ, бірақ бұл Америка Құрама Штаттары үшін маңызды аймақ, оның үстіне ол Қытай мен Ресей кемелерінің қоршауында тұр... Бұл жер Данияның емес, Құрама Штаттардың бақылауында болуы керек", - деді Трамп Анкарада журналистерге берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар президент АҚШ өз сарбаздарын Еуропадан шығарып алуы мүмкін екенін меңзеп, НАТО аясындағы әскери орналастыруды өзара қорғаныс емес, қайтарымы жоқ қымбат қызмет ретінде сипаттады.

АҚШ 1949 жылы НАТО құрылған сәттен бастап, алғашында кеңестік агрессияны тежеу және "қырғи-қабақ соғыс" кезінде одақтастарын тыныштандыру мақсатында Еуропада өз әскери күштерін ұстап келеді.

Дания НАТО мүшесі ретінде ұжымдық қорғаныс туралы осы келісімнің пайдасын көріп отыр. Алайда Трамп бірнеше жылдан бері мұны әділетсіз немесе теңгерімсіз мәміле ретінде көрсетіп келеді. Оның пікірінше, АҚШ еуропалық одақтастарын қорғауға тым көп шығын шығарады, ал олар өз үлестерін тиісті деңгейде төлемейді.

Бұған дейін Трамп НАТО-дағы одақтастарын "қағаз жолбарысқа" теңеп, қорқақтық танытты деп айыптады. Бұл мәлімдеме НАТО мүшелерінің басым бөлігі АҚШ-қа Иранға қарсы әскери операцияға қатысқысы келмейтінін хабарлағаннан кейін жасалды.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама