1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Трамп АҚШ-тың әскери техникасы бар "Талибан" шеруін "қайғылы көрініс" деп атады

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Ауғанстан астанасында "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) өкілдері ұйымдастырған,

Фото ©REUTERS

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамп Ауғанстан астанасында "Талибан" қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) өкілдері ұйымдастырған, елдің трофейлік техникасы пайдаланылған шеруге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Twitter-дегі Insider Paper-дің мәліметінше, Американың бұрынғы көшбасшы "Талибан" ұстаған америкалық техниканың құны 85 миллиард долларға бағаланатынын айтқан.

"Талибан" өткізген үлкен әскери шеру - Ауғанстаннан әскер қалай шығарылғанын айқын көрсететін өте қайғылы көрініс. АҚШ тарихындағы ең ұят жағдай", - деді Трамп.

Еске салайық, 9 қарашада "Талибан" Ауғанстанда жаңа әскер құру үшін ауған және халықаралық күштердің бұрынғы көліктері мен тікұшақтарын пайдаланып, әскери шеру өткізген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!