20 қазан 2020 15:12

Трамп АҚШ-тың бас инфекционист дәрігерін "ақымақ" деп атады

Фото ©REUTERS

Президент Дональд Трамп АҚШ-тың бас инфекционист дәрігерін коронавирус пандемиясына байланысты халыққа жалған ақпарат тарататын "ақымақтардың" қатарына қосты. Трамптың айтуынша, америкалықтар эпидемияға қатысты жаңалықтан шаршаған, - деп хабарлайды Лента.ру агенттігі Chicago Tribune басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Адамдар COVID-тен шаршады. Мен жақтастарыммен үлкен кездесулер ұйымдастырамын. Адамдарға қазір бәрібір, олар "бізге жоламаңдаршы" дейді. Олар бұдан шаршады, Фаучиді және ана ақымақтарды, осының бәрін дұрыс түсінбейтін барлық ақымақты тыңдаудан шаршады", - деп келтірді басылым президент сөзін.

Реклама
Реклама

Бұған дейін 19 қазанда Фаучи президент Дональд Трамптың коронавирус жұқтыруына қатысты пікір білдірген болатын. Ол АҚШ басшысының ауырып қалғанына таңғалмағанын айтты. Дәрігер Трамп адам көп жиналатын жерде маска тақпай жүре беретінін байқаған және мұндайда вирус жұқтыру қаупі жоғары екенін жеткізді.

Еске салайық, 2 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғанын айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram