АҚШ президенті Дональд Трамп New York Times газетіне берген сұхбатында АҚШ әскери күштері қажет болған жағдайда Иранға шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыруға ниетті екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Төрт-бес апта деп жоспарлап отырмыз. Бұл қиын болмайды", - деді Дональд Трамп.
Сонымен қатар, америкалық көшбасшы Daily Mail-ге берген сұхбатында Иранға қарсы операция "төрт апта немесе одан аз уақыт алатынын" мәлімдеді.
Еске салайық, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді.
Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Али Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!