17 сәуір 2020 | 10:15

Трамп АҚШ-тың коронавируспен күрестегі "айрықша жетістігін" айтты

Дональд Трамп АҚШ-тың коронавируспен күрестегі "айрықша жетістігін" айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дональд Трамп АҚШ-тың коронавируспен күрестегі "айрықша жетістігін" айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, бір апта ішінде коронавирус жұқтырған жаңа жағдайлар АҚШ территориясының 30 пайызында тіркелмеді.

Реклама
Реклама

"Біз үлкен жетістікке жеттік. Адам сенбейтіндей прогресс деп айтуымызға болады. Сарапшылардың мәлімдеуінше, біздің стратегиямыз жүз мыңдаған адамды құтқарды... Науқастардың "қисық" өсімі түзеліп келеді. Жұқтырғандар саны көп болатын кезең артта қалды", - деді Трамп 16 сәуірде журналистерге.

 
Сонымен қатар, Трамптың сөзіне қарағанда, жақында елдің 29 штаты коронавирус пандемиясына байланысты енгізген шектеулерді алып тастай алады.

Қазір АҚШ COVID-19 жұқтырғандар және одан қайтыс болғандар саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Джонс Хопкинс университеті 16 сәуірде елде 654 мың жұқтырғанын және 31 мыңға жуық адам қайтыс болғанын хабарлады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram