Трамп АҚШ-тың Тайвань тәуелсіздігі үшін Қытаймен соғысуы мүмкін бе деген сауалға пікір білдірді

Трамп АҚШ-тың Тайвань тәуелсіздігі үшін Қытаймен соғысуы мүмкін бе деген сауалға пікір білдірді foxnews.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында Құрама Штаттар Тайвань тәуелсіздігі үшін Қытаймен соғысқысы келмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ президенті Дональд Трамп Fox News телеарнасына берген сұхбатында Құрама Штаттар Тайвань тәуелсіздігі үшін Қытаймен соғысқысы келмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ашығын айтқанда, әлдебіреулер тәуелсіздік жариялап, соның салдарынан бізге соғысу үшін 9,5 мың миль жерді басып өтуге тура келгенін қаламаймын", — деді Трамп Тайвань мәселесіне қатысты пікір білдіре отырып.

Америкалық көшбасшының пайымдауынша, егер жағдай қаз-қалпында сақталса, Бейжің аралға қатысты ешқандай қадамға бармауы мүмкін.

Жарнама
Жарнама

"Біз біреулердің: „Құрама Штаттар бізді қолдайды, сондықтан тәуелсіздік жариялайық“ дегенін қаламаймыз", — деп толықтырды Трамп.

АҚШ президенті ҚХР мен Тайваньды сабырға шақырды: "Тайваньның сәл сабыр сақтағаны өте ақылды қадам болар еді. Қытайдың да сәл сабыр сақтағаны өте орынды болар еді".

Сондай-ақ, Трамп Тайваньға 12 миллиард долларлық америкалық қару-жарақ жеткізу мәселесі әзірге кідіртілгенін айтты.

"Мен бұл шешімді әзірге кейінге қалдырып отырмын, бәрі Қытайға байланысты. Шынын айтқанда, бұл біз үшін келіссөздердегі өте күшті артықшылық. Он екі миллиард доллар — бұл өте көп қару", — деді Трамп.

Америка басшысы бұған дейін АҚШ пен Қытай арасындағы Тайваньға қатысты келіспеушіліктер толыққанды қақтығысқа ұласады деп қауіптенбейтінін айтқан.

Бейжің Тайваньды ҚХР-дың ажырамас бөлігі деп санайды. Ал "бір Қытай" қағидатын сақтау Қытаймен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқысы немесе оны сақтап қалғысы келетін мемлекеттер үшін міндетті шарт ретінде қарастырылады. АҚШ-тың Тайваньға қару сатуы Вашингтон мен Бейжің арасындағы шиеленістің негізгі себептерінің бірі болып қала береді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама