ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қаңтар 2021 | 09:31
Трамп Байденді ұлықтау рәсімі алдында Вашингтонда төтенше жағдай енгізді
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда төтенше жағдай режимін енгізді. Бұл шаралар сайлауда жеңіске жеткен демократ Джо Байденді ұлықтау рәсімінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданды. Рәсім АҚШ-та 20 қаңтарда өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйге сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонда төтенше жағдай режимін енгізді. Бұл шаралар сайлауда жеңіске жеткен демократ Джо Байденді ұлықтау рәсімінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданды. Рәсім АҚШ-та 20 қаңтарда өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақ үйге сілтеме жасап.
Америка астанасының билігі бұған дейін төтенше жағдай режимін өз бастамасы бойынша енгізген болатын. Содан кейін олар Трампқа осылай жасауды ұсынған. Бұл керек болған жағдайда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін федералды көмек алу үшін қажет.
"Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп Колумбия округінде төтенше жағдай енгізілгенін хабарлады және 59-президенттік ұлықтау рәсіміне орай федерал көмекті төтенше жағдайға байланысты округтің күш-жігеріне қосымша артуды бұйырды", - делінген Ақ үйдің хабарламасында.
Трамп әкімшілігі Мемлекет басшысының шешімін ішкі қауіпсіздік министрлігіне және төтенше жағдайлар федерал агенттігіне "төтенше жағдайдан туындаған жергілікті тұрғындардың қиындықтары мен қайғы-қасіретін жеңілдету және тиісті көмек көрсету мақсатында апатқа қарсы барлық күш-жігерді үйлестіруге мүмкіндік береді" деп түсіндірді.
Айта кетейік, Трамп әкімшілігінде Вашингтондағы Капитолийге жасалған шабуылдан бері үшінші министр отставкаға кетті. Ол АҚШ ішкі қауіпсіздік министрінің міндетін атқарушы Чед Вольф болды. NBC News және ABC News телеарналарының хабарына сенсек, ол өз шешімі туралы әріптестеріне жазған хатында айтқан.
Ішкі қауіпсіздік министрлігі бірқатар құқық қорғау және күш құрылымдарының, соның ішінде жағалау күзеті, иммиграциялық-кедендік полиция қызметі, азаматтық және иммиграциялық қызмет, есірткі және заңсыз қару-жарақ басқармасы, инфрақұрылым және киберқауіпсіздік департаменттерінің қызметін үйлестіреді.
Айта кетейік, бұған дейін Дональд Трамп кабинетінен қызметінен көлік министрі Элейн Чао мен білім министрі Бетси Девос кеткен болатын.
"Министрлердің бұл әрекетіне Трамптан бөлінгісі келумен қатар, олар АҚШ Конституциясының 25-түзетуі бойынша президентті шеттету процесіне қатысқысы келмеуі мүмкін (президенттің міндеттерін орындай алмауы туралы), демократтар осындай талап айтқан", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 6 қаңтарда Дональд Трамп Вашингтонда өткен митингіде жақтастарын Президент сайлауының нәтижелеріне қарсы "әлсіз республикашыларға көмектесу" үшін Капитолийді басып алуға шақырған еді. Жиналғандар Капитолийді қоршап алып, ғимаратқа басып кірген, осылайша олар Джо Байденнің жеңісін растайтын конгресстің бірлескен сессиясын тоқтатты. Қақтығыстан бес адам қаза болды.
Капитолий ғимаратында ӘӘК ардагеріне оқ атылған. Сонымен қатар, зардап шеккен полиция қызметкері қайтыс болды. Тағы үш адам қайтыс болды. Алайда олардың өлімі зорлық-зомбылықпен байланысты емес делінеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также