29 тамыз 2020 10:52

Трамп Байденнің қабілетін сынады

Фото: zn.ua

АҚШ-тың мемлекет басшысы Дональд Трамп президент сайлауындағы қарсыласы демократ Джо Байденнің қабілетін сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың мемлекет басшысы Дональд Трамп президент сайлауындағы қарсыласы демократ Джо Байденнің қабілетін сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Бұрын-соңды болмаған демократтардың ең нашар кандидатына қарсы сайлауға түскелі отырмын деп ойлаймын", - деді Трамп Нью-Гэмпширде жақтаушылардың алдында.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Байденнің ақыл-ойы "тежелген". 

"78 жас жақсы ғой. Алайда бұл жағдайда 78 жас жаман болып тұр", - деп мәлімдеді 74 жастағы Трамп.

АҚШ-тағы президент сайлауынан соң Джо Байден қарашада 78 жасқа толады.

Айта кетейік, Америка Құрама штаттарында президент сайлауы 3 қарашада өтеді.

Трамп президент сайлауына екінші рет қатысатынын жариялады

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram