28 қыркүйек 2020 | 08:27

Трамп жылдар бойы салық төлемеген - NYT

Фото: Carlos Barria/Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы он жылда федералды табыс салығын төлемеген, - деп хабарлайды The New York Times газеті салық декларацияларына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Дональд Трамп соңғы он жылда федералды табыс салығын төлемеген, - деп хабарлайды The New York Times газеті салық декларацияларына сілтеме жасап. 

Басылымның мәліметінше, Трамп 2016 жылы президент болған кезде 750 доллар табыс салығын төлеген. 2017 жылы да осы соманы төлеген.

Реклама
Реклама

"Ол табыс салығын соңғы 15 жылдың онында төлемеген - өзінің хабарлауынша, оның табысына қарағанда шығыны көп", - деп жазды басылым.

NYT мәліметінше, ол үнемі айтатын кәсіпорындардың шығыны оны табыс салығын төлеуден айтарлықтай босатады. Президентті Trump National Doral Miami курорты мен Вашингтондағы Trump International Hotel қонақүйі шығынға батырған.

Трамптың өзі NYT ақпаратын жалған деді.

"Бұлардың бәрі - фейк жаңалық. Мен салық төлеймін", - деді ол.

Trump Organization қорғаушысы Алан Гартеннің айтуынша, "фактілердің көбі, барлығы дерлік нақты емес". Ол президент соңғы он жылда үкіметке ондаған миллион жеке салық төлегенін атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная