02 ақпан 2022 | 17:17

Трамп Капитолийге жасалған шабуылдар туралы жазбаларды жойған - БАҚ

Фото ©REUTERS

АҚШ-тың ұлттық мұрағат және жазбалар басқармасының өкілі комитетке тапсырылған Капитолийге жасалған шабуылды тергеу жазбаларын Дональд Трамп жойғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың ұлттық мұрағат және жазбалар басқармасының өкілі комитетке тапсырылған Капитолийге жасалған шабуылды тергеу жазбаларын Дональд Трамп жойғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail-ға сілтеме жасап.

2021 жылғы 6 қаңтардағы Капитолийдегі шабуылды тексеру үшін АҚШ палатасының комитеті қабылдаған құжаттың ішінде шабуылға қатысты күнделікті газеттер, кестелер, қолжазбалар және ескертулер болған.

CNN телеарнасының сұрақтарына жауап бере отырып, ұлттық мұрағат және жазбалар басқармасы өкілі оның ішінде Трамп жойған жазбалар бар екенін айтты. Алайда мұрағат басқармасы қызметкері Дональд Трамп жазбаларды өзі жыртқанын қайдан білетінін айтпады. Бірақ Ақ үйдің мұрағат басқармасы қызметкерлері жыртылған құжаттарды бір-біріне жабыстыруға мәжбүр болғанын және сол кезде билік Трамптың қолында болғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Трамп билігі аяқталар кезде Ақ үйде қалпына келтірілмеген бірнеше жыртылған жазбалар ұлттық мұрағатқа берілді. Президенттік жазбалар туралы заң президент жасаған барлық жазбаны мерзімі аяқталған соң ұлттық мұрағатқа тапсыруды талап етеді", - деді департамент қызметкері.

Басқарма өкілі БАҚ-қа сүйене отырып, 2018 жылы Politico басылымы жазған Ақ үйге Трамп жыртып тастаған құжаттарды қалпына келтіретін қызметкерлер жалданғаны туралы ақпаратты айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная