30 қыркүйек 2018 | 14:38

Трамп Корей президенті Кым Чен Ын екеуі бір-біріне "ғашық болғанын" мәлімдеді

© REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп Корей халықтық демократиялық республикасының басшысы Кым Чен Ынмен Сингапурда келіссөз жүргізу барысында бір-біріне "ғашық болғанын" мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Дональд Трамп Корей халықтық демократиялық республикасының басшысы Кым Чен Ынмен Сингапурда келіссөз жүргізу барысында бір-біріне "ғашық болғанын" мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

"Басында мен дәл өзі сияқты қатал болдым. Бірақ, кейінен біз бір-бірімізге ғашық болдық. Ол маған керемет хаттар жолдады", - деп мәлімдеді Дональд Трамп Батыс Вирджиниядағы митингте сөйлеген сөзінде. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ америкалық президент Солтүстік Корея АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың, не басқа да америкалық президенттердің қоңырауына жауап бермегенін атап өтті. 

Ақ үйдің басшысы Трамп Кым Чен Ынмен жақсы қарым-қатынас орнатқанын осыған дейінде айтқан еді. Жақында Оңтүстік Кореяның президентімен де, аралары жақсы екенін мәлімдеді. 

Трамп пен Ким Чен Ын жүздескен АҚШ пен КХДР тарихындағы алғашқы кездесу 12 маусымда Сингапурда өтті. Кездесуден кейін Трамп КХДР-мен бірге "толық" құжатқа қол қойғанын және Корей түбегінің ядролық қарусыздану процесі "өте тез" басталатынын атап өтті. Өз кезегінде Ким Чен Ын құжатқа қол қою екі ел арасындағы қарым-қатынастың "жаңа бастамасы" мен "үлкен өзгерісі" екенін айтты.

Құжатқа сәйкес, АҚШ Корей еліне қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ететініне уәде берсе, Пхеньян Корея түбегінің ядролық қарусыздануын аяқтау жөніндегі өзінің тұрақты міндеттемесін растады. Екі елдің көшбасшылары өзара хат алмасқан. Қазіргі уақытта екі елдің әкімшіліктері жаңа кездесу мүмкіндігін талқылау үстінде. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная