Трамп көші-қон туралы бұйрықты орындаудан бас тартқан әділет министрін қызметтен босатты

Салли Йейтс © theshaderoom

А?Ш президенті Дональд Трамп к?ші-?он туралы ?аулыны орындаудан бас тарт?ан Бас прокурорды? міндетін ат?арушы, ?ділет министрлігіні? басшысы Салли Йейтсті ж?мыстан шы?арды, - деп хабарлайды РИА Новости А? ?йді? хабарламасына сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп көші-қон туралы қаулыны орындаудан бас тартқан Бас прокурордың міндетін атқарушы, әділет министрлігінің басшысы Салли Йейтсті жұмыстан шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости Ақ үйдің хабарламасына сілтеме жасап.

Енді әділет министрлігін Виргиния штатының аймақтық прокуроры Дана Боенте басқарады. "Бас прокурордың міндетін атқаруышы Салли Йейтс АҚШ азаматтарын қорғауға арналған заңды бұйрықты орындаудан бас тартып, әділет министрлігіне опасыздық жасады", - делінген Ақ үйдің хабарламасында.

Сондай-ақ, хабарламада Йейтстің Барак Обаманың бұрынғы әкімшілігінде жұмыс істегені айтылады. 

Реклама
Реклама

"Елімізде қорғау мәселесіне шындап кірісу керек. Жеті қауіпті жерден келетін адамдарды іріктеуде қатаң болу керек. Бұл біздің еліміздің қорғанысы үшін қажет", - деді Ақ үйдегілер.

Осылайша, Трамптың Салли Йейтсті жұмыстан қууға оның әділет министрлігіндегі заңгерлерге сотта АҚШ президенті Трамптың көші-қон жайлы қаулысын қолдамауға бұйрық бергені себеп болған.

Салли Йейтс бұл қызметте уақытша болған екен. Сондай-ақ,  Вашингтон, Виргиния, Калифорния, Нью-Йорк және Массачусетс штаттарында Трамптың қаулысына қатысты шағымдардың түскені айтылады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама