Трамп КХДР-ды "толықтай жойып жіберемін" деп қорқытты

Трамп КХДР-ды "толықтай жойып жіберемін" деп қорқытты © REUTERS

А?Ш лидері Дональд Трамп ал?аш рет Б?? Бас Ассамблеясында с?з с?йлей отырып, КХДР Америка ??рама Штаттарына ?ауіп т?ндіретін жа?дайда оларды жою?а тура келетінін м?лімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ лидері Дональд Трамп алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясында сөз сөйлей отырып, КХДР Америка Құрама Штаттарына қауіп төндіретін жағдайда оларды жоюға тура келетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"АҚШ-тың шыдамы жетеді, АҚШ мықты ел. Бірақ бізге одақтас елдерді қорғау керек болса немесе өзімізді қорғау керек болса бізге Солтүстік Кореяны толықтай жоюға тура келеді. АҚШ КХДР-ды жоя алады және жойғысы келеді. Бірақ бұлай жасау керек болмайды деп үміттенеміз", - деді Трамп.

Басылымның мәліметінше, Дональд Трамп өз сөзінде Қытай мен Ресейге санкция енгізуде көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтты. 

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, АҚШ президенті Иранға қатысты пікір білдірді. "Иран үкіметі өздерінің сыбайласқан диктатураларын жалған демократиямен жасырып отыр", - деді Трамп.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама