ПОДЕЛИТЬСЯ
14 маусым 2021 | 12:11
Трамп Макронды АҚШ-ты алдады деп айыптады
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа Франция басшысы Эммануэль Макронның Джо Байден туралы айтқан жағымды пікірі ұнамай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Le Figaro басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа Франция басшысы Эммануэль Макронның Джо Байден туралы айтқан жағымды пікірі ұнамай қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Le Figaro басылымына сілтеме жасап.
Бұған дейін БАҚ-та Байден мен Макронның әңгімесінен үзінді жарияланған еді. Франция басшысы АҚШ президенті "ынтымақтастықты қалайтынын" және ол ниетін жақсы деп бағалағанын айтқан болатын. Макрон Байденнің көшбасшылық қасиеттерін атап, президенттер арасында серіктестік қалыптасқанын айтты.
Газет мәліметі бойынша, бұл сөздер Трампқа ұнамаған.
"Макрон, сондай-ақ оның Франциядағы және бүкіл Еуропадағы жақтастары АҚШ-ты алдады. Бізге әділетсіздік жасалды", - деді Трамп.
Трамп Байденнің билігі кезінде Еуропалық Одақ елдері АҚШ-тың есебінен байыды деп санайтынын айтты.
Бұған дейін Трамп Байденді "елді жойып жібереді" деп айыптаған болатын. Трамп жаңа әкімшіліктің Қытай, Таяу Шығыспен диалог жүргізіп, АҚШ-тың оңтүстік шекарасындағы мәселелерді шешу саясатына наразы екенін айтты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также