Трамп неге алкоголь ішпейтінін айтты

viewings icon 1067
comments icon 0

АҚШ президенті Дональд Трамп алкогольге құмарлығы болған жағдайда әлемдегі ең жаман адам болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп алкогольге құмарлығы болған жағдайда әлемдегі ең жаман адам болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Трамптың алкоголь ішпейтінін барлығы біледі. АҚШ президенті ағасы қайтыс болғаннан кейін алкогольден бас тартқан екен.

Реклама
Реклама

"Мен ішпеймін. Шынымды айтайын, өмірімде ешқашан сыра ішіп көрмеппін. Бұл менің жақсы әдеттерімнің бірі. Өмірімде бірде-бір рет бір шыны болса да алкоголь ішіп көрмегенмін. Қандай себептер болсын, ішпегенмін. Алкогольге құмар болсам, әлемдегі ең жаман адам болатынымды елестете аласыздар ма?", - деді Трамп дүйсенбіде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Tengrinews
Мөлдір Қалықова
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная