04 тамыз 2020 | 11:11

Трамп Невада штатын сотқа беруге уәде етті

Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Дональд Трамп Невада штатын сотқа беруге уәде етті, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Дональд Трамп Невада штатын сотқа беруге уәде етті, - деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Невада губернаторы Стив Сисолак бір заңға қол қойған. Онда 3 қарашада өтетін сайлауда дауыс беруге тіркелген қатысушыларға бюллетендер таратылатыны жазылған. Енді олар пошта арқылы таңдаған кандидатына дауыс бере алады.

Реклама
Реклама

"Біз Невадамен соттасамыз. Мұны қолға алдық. Біз ертең бір мәлімет береміз", - деді ол Ақ үйде өткен брифингте.

Бұған дейін президент пошта арқылы дауыс беру жаппай алаяқтықта әкеп соғуы мүмкін екенін айтқан.

Трамп Twitter желісінде қабылданған заңды "заңсыз түнгі төңкеріс" деп атады.

"Невада губернаторы республикалықтарға бұл штатты жеңуге мүмкіндік бермеді. Пошта бөлімшесі дайындық жасамай, дауыс берушілердің санына шамасы келмейді, олар көп. Мемлекетті ұрлау үшін COVID-19 инфекциясын (себеп ретінде) пайдаланды. Сотта кездескенше", - деп жазды Трамп.

In an illegal late night coup, Nevada’s clubhouse Governor made it impossible for Republicans to win the state. Post Office could never handle the Traffic of Mail-In Votes without preparation. Using Covid to steal the state. See you in Court! https://t.co/cNSPINgCY7

— Donald J. Trump (@realDonaldTrump) August 3, 2020

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная