ПОДЕЛИТЬСЯ
03 маусым 2020 | 13:03
Трамп Нью-Йоркке әскер әкелу керегін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркке әскер әкелуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ президенті Дональд Трамп Нью-Йоркке әскер әкелуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Трамп Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Нью-Йоркті бақылау мүмкін болмай кетті. Қала мэрі Билл де Блазио мен штат губернаторы Эндрю Куомо бұл наразылықты шұғыл түрде тоқтатуы керек!", - деп жазды ол.
Ал тағы бір жазбасында Трамп жергілікті үкіметтегілерден көмекке әскерлерді қашан шақыратынын сұраған.
АҚШ-тағы тәртіпсіздіктерге байланысты түрмелер жабылды
Еске салайық, афроамерикалық полицей Флойд 25 мамырда ұсталған болатын. Сол кезде бір полицей оны сегіз минут бойы тізесімен мойнынан басқан. Флойд қарсылық білдірмеген, қолында кісен болған. Оның өлімінен кейін елде жаппай наразылық шаралары басталды. Жаппай тәртіпсіздік әлі күнге дейін жалғасып жатыр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также