Трамп Ормуз бұғазына қатысты мәлімдеме жасады

Трамп Ормуз бұғазына қатысты мәлімдеме жасады depositphotos.com

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Ормуз бұғазы ешкімнің бақылауында болмауы тиіс екенін және Вашингтон мұны қадағалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні Ормуз бұғазы ешкімнің бақылауында болмауы тиіс екенін және Вашингтон мұны қадағалайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

"Бұл өткел барлығына ашық болады. Бұл – халықаралық сулар, оларды ешкім бақыламайды. Біз мұны қадағалаймыз", - деді Трамп Ақ үйде өткен үкімет отырысында.

Ол бұл мәселе Иранмен жүргізіліп жатқан келіссөздердің бір бөлігі екенін атап өтті.

Жарнама
Жарнама

"Олар оны бақылағысы келеді. Оны ешкім де бақыламайды", - деп толықтырды Америка көшбасшысы.

Трамп бұл ретте Оманға да сес көрсетті. Ол егер бұл ел Ормуз бұғазын өз бақылауына алуға тырысса, АҚШ оны "күл-талқан ететінін" мәлімдеді.

"Бұғаздар барлығына ашық болады және оларды ешкім бақыламайды. Біз оларға көз қырымызды саламыз. Оман өзін басқалар сияқты ұстауы тиіс, әйтпесе бізге оларды талқандауға тура келеді", - деді Трамп.

Бұған дейін сәрсенбіде Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Али Багери Кяни журналистерге Тегеран мен Маскат Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуінің жаңа тәртібін айқындау бойынша бірлескен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтқан болатын. Оның айтуынша, Иран мен АҚШ әзірге Ормуз бұғазын бұғаттан шығару туралы келісімге келген жоқ.

Иран төңірегіндегі ахуалдың шиеленісуі Парсы шығанағы елдерінен әлемдік нарыққа мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізудің негізгі бағыты – Ормуз бұғазының іс жүзінде бұғатталуына әкеп соқты, сондай-ақ аймақ елдеріндегі мұнай экспорты мен өндірісі деңгейіне де әсер етті. Бұғаздың бұғатталуы аясында әлемнің көптеген елінде жанармай мен өнеркәсіп өнімдері бағасының өсуі байқалған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама