Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп жариялады

Дина Шарипханова Корреспондент
Трамп өзін Венесуэла президентінің міндетін атқарушы деп жариялады Фото:depositphotos.com/Photo by thenews2.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде скриншот жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде скриншот жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Трамп Truth Social желісінде ("Википедиядағы" өмірбаянына ұқсас) скриншотты бөліскен. Онда оның 2026 жылдың қаңтарынан бастап Венесуэла президентінің міндетін атқарып отырғаны көрсетілген. Бұл ретте, қызметке 2026 жылдың қаңтарында тағайындалғаны көрсетілген. Сонымен қатар, АҚШ президенті ретіндегі қазіргі қызметін де қалдырған.

Фото: truthsocial.com/@realDonaldTrump

Реклама
Реклама

Мән-жай

2025 жылы желтоқсанда АҚШ Венесуэлаға қарсы операция жүргізіп, ел президенті Николас Мадуроны және оның жұбайын республиканың астанасы Каракаста ұстап әкеткен. Кейін Мадуроның Бруклиндегі тергеу изоляторына жеткізілгені белгілі болды.

Венесуэла президентін тұтқындау туралы айта отырып, АҚШ президенті Дональд Трамп Монро доктринасын еске салды. Бұл доктрина Америка құрлығын өзге державалардың араласуына жабық аймақ деп жариялайды.

Сондай-ақ, Трамп "АҚШ-тың барлық жауына" Венесуэлада болғандай операция жасалуы мүмкін екенін айтып қорқытты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама