22 мамыр 2020 | 16:21

Трамп пандемияның екінші толқыны басталса АҚШ-ты жаппайды

©REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп COVID-19 пандемиясының екінші толқыны басталса, билік елді жаппайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ президенті Дональд Трамп COVID-19 пандемиясының екінші толқыны басталса, билік елді жаппайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Америка көшбасшысы Fox News журналисінің коронавирустың екінші толқыны туралы сұрағына жауап бере отырып, одан қашып құтылу мүмкін еместігін жеткізді. Алайда Ақ үй басшысының айтуынша, Құрама штаттар қатаң шектеу шараларын енгізбестен оны жеңе алады.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Дональд Трамп сәуір айының соңында Америка штаттарының губернаторларына коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген санитарлық шектеулерді мүмкіндігінше тезірек алып тастауға шақырған болатын. Сарапшылар АҚШ президентінің бұл шешімін, елдегі жұмыссыздық деңгейінің артуымен байланыстырды.

АҚШ Еңбек министрлігінің есебіне сәйкес, пандемия аясындағы шектеулерге байланысты 39 миллион америкалық жұмысын жоғалтқан. Осылайша, АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 14,7 пайызға дейін өсті. Қаржы министрі Стивен Мнучиннің пікірінше, жақын арада ел "ашылмаса", онда экономика орны толмас шығынға батады.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша, АҚШ коронавирус анықталған 188 елдің ішінде зардап шеккендердің арасында көшбасшы болып тұр. Пандемия басталы бері Құрама штаттарда COVID-19 жұқтырған 1,57 миллион адам тіркелген, 94,7 мың адам қаза тауып, 298,4 мың пациент сауығып шыққан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная