ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 желтоқсан 2016 00:38
Трамп Путин жолдаған хат жайлы айтып берді
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путиннен хат алғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости Трамптың штабына сілтеме жасап.
"Владимир Путиннен хат алдым. Оның ұсынған идеялары дұрыс. Мен екі тараптың да осы идеяларды ұстана алатынына сенемін", - деп келтірілген Трамптың сөзі баспасөз релизінде.
Сондай-ақ, Путин Трампқа жолдаған хатында екі ел арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейде болатынына сенім білдіреді. "Мен сіздің АҚШ президенті қызметіне кіріскен соң біздің екі ел арасындағы ынтымақтастық қайта қалпына келтіріледі деп сенемін, - делінген хатта.
Өз кезегінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің Трампқа Рождество мен Жаңа жылға орай үндеу жолдағанын айтты.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу