Трамп Путинді Вашингтонға шақырды

Трамп Путинді Вашингтонға шақырды РИА Новости©

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді осы күзде Вашингтонға шақырды, - деп хабарлайды РИА Новости АҚШ президентінің баспасөз хатшысының өкілі Сару Сандерске сілтеме жасап. 

"Хельсинкиде президент екі елдің қауіпсіздік кеңесі қызметкерлерінің арасындағы жұмыс деңгейінде сөз жүргізуге келісті. Президент Трамп ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтонға Путинді осы күзде Вашингтонға шақыруын сұрады. Бұл жайлы талқылау қазірден бастап жүргізіліп жатыр", - деп жазды Сандерс Twitter әлеуметтік желісінде.

Осыған дейін ақ үй басшысы Трамп Владмир Путинмен кездесуін асыға күтетінін мәлімдеген. Жаңа кездесуде Трамп террозимге қарсы, Израильдің қауіпсіздігін, ядролық қауіпсіздік, кибершабуыл, экономикалық ынытмақтастық, Украинаны, Таяу Шығыс пен Солтүстік Кореяны және тағы да басқа тақырыптар аясында қызу келіссөздерді жүргізеді. 

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама