Трамп Путинмен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруды тапсырды

Путин мен Трамп. Архив сурет: kremlin.ru

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп көмекшілеріне өзінің инаугурациясынан кейін бірнеше күн ішінде РФ президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.

Әзірге сөйлесудің нақты күні келісілген-келісілмегені белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін Трамп Вашингтонда өткен инаугурация алдындағы сөзінде мыңдаған қолдаушыларына "ел бетпе-бет келіп отырған барлық дағдарыстарды шешетінін" мәлімдеген болатын. Сайланған президент АҚШ-тың көші-қон және сауда саясатын түбегейлі өзгертуді жоспарлап отыр.

Реклама
Реклама

АҚШ президентінің инаугурациясы дүйсенбіде шығыс уақыт белдеуінде түскі уақытта (Астана уақыты бойынша сағат 22:00) өтеді. Сол сәтте Трамп Капитолий ғимаратының ротондасында президенттік антын қабылдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама