Трамп саулауда жеңетінін мәлімдеді

viewings icon 582
comments icon 0
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп тағы да сайлауда жеңетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп тағы да сайлауда жеңетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Біз бұл сайлауда жеңеміз", - деді ол Джорджиядағы жақтастарының алдында сөйлегенде.

Реклама
Реклама

Ол тағы да демократтарға сайлауда бұрмалау жасады деген айып тақты.

"Барлық штатта жүз мыңдаған заңсыз дауыс берілген", - деді Ақ үй басшысы. 

Сондай-ақ Трамп Джорджия штатында сайлауды талқылау үшін жергілікті заңнамалық жиын өткізуге шақырды. Президент бұл штатта сайлаушылардың пошта арқылы жіберген дауыс бюллетендерін тексерсе, "оңай және тез" жеңетініне сенімді. 

Айта кетейік, АҚШ-та президент сайлауы 3 қарашада өтті. Алдын ала нәтижелер бойынша сайлауда демократ, бұрынғы вице-президент Джо Байден жеңді. Қазіргі президент Дональд Трамп әлі жеңілгенін мойындамады және сот арқылы сайлау нәтижесін қайта қарауды қолға алды. Сенбіде Трамптың сайлау нәтижесін қайта қарау туралы арызын Невада, Джорджия және Мичиган штаттарындағы сот қайтарғаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!  

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная