Трамп сайлауда бұрмалау болғанын және төрт штатта жеңгенін мәлімдеді

Фото ©REUTERS

АҚШ президенті Дональд Трамп төрт маңызды штатта: Пенсильвания, Джорджия, Солтүстік Каролинада жеңіске жеткенін және Мичиганда да солай болуы әбден мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

АҚШ президенті Дональд Трамп төрт маңызды штатта: Пенсильвания, Джорджия, Солтүстік Каролинада жеңіске жеткенін және Мичиганда да солай болуы әбден мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Заңды бақылаушылар жіберілмеген Пенсильвания, Джорджия, Солтүстік Каролинаны сайлаушылардың дауысын алдық. Осы штаттардың әрқайсында Трамп үлкен айырмашылықпен алда тұр. Бұдан бөлек бюллетендердің көп бөлігі жасырын тасталмағанда біз Мичиган штатында жеңіске жететін едік!" - деп жазды Трамп.

Реклама
Реклама

Солтүстік Каролина мен Джорджияда алдын ала деректер бойынша, Трамп алда тұр, Мичиганда Байден. Пенсильванияда Трамп жеңіп келеді, бірақ Байден оған жетуге жақын. Сайлаушылардың дауысы әлі саналып жатыр, деп хабарлады РИА Новости.

Дональд Трамптың сайлауалды штабы Пенсильвания, Мичиган және Висконсинде дауыс санауды тоқтату, сондай-ақ демократтар поштада дауыс беретін сайлаушылардың сәйкестігіне қатысты сайлау заңының нормаларын бұзды деп тану үшін сотқа шағым қалдырды. Трамптың қорғаушысы Рудольф Джулиани сайлауға байланысты федерал деңгейде сотқа шағымдануы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная