ПОДЕЛИТЬСЯ
20 желтоқсан 2019 | 09:55
Трамп Сенаттан импичментке қатысты сот процесін дереу бастауды талап етті
АҚШ президенті Дональд Трамп Сенатта импичмент процесі бойынша сотты дереу өткізуді талап етті. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ президенті Дональд Трамп Сенатта импичмент процесі бойынша сотты дереу өткізуді талап етті. Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Трамп АҚШ Демократиялық партиясының өкілдері оған төменгі палатадағы сот процесінде заңгер мен куәгерлер шақыруға мүмкіндік бермегенін айтты. "Енді олар Сенатқа сотты қалай өткізу керегін айтқысы келеді", - деп жазды Трамп.
Ақ үй басшысының айтуынша, демократтарда оның кінәсін дәлелдейтін айғақтар жоқ және ол ешқашан болмайды. Сондықтан ол Сенатта сот процесін дереу бастауды талап етті.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ өкілдерінің палатасы ел президентінің импичментіне дауыс беріп, оны билігін асыра пайдаланды деп айыптаған. Трамптың импичментін 230 адам қолдаған, 197-сі қарсы болған.
Енді импичмент мәселесі Сенатта шешіледі. Жоғары палатаның үштен екі бөлігі импичментке дауыс берсе, Трамп отставкаға кетеді.
"Бұл - масқара". Трамп Зеленскиймен әңгімесінен кейін отставкаға кетуі мүмкін бе?
Показать комментарии
Читайте также