Трамп Си Цзиньпинмен кездесуден кейін бірнеше мәлімдеме жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

АҚШ Президенті Дональд Трамп Пусанда ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен өткен кездесуден кейін бірнеше мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Пусанда ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен өткен кездесуден кейін бірнеше мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.

"Кездесу керемет өтті"

АҚШ басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер достық әрі конструктивті жағдайда өткенін айтты.

Реклама
Реклама

"Менің ойымша, кездесу керемет өтті. Біз көп маңызды мәселе бойынша келісімге келдік. Егер нөлден онға дейін бағалайтын болсам, мен оны он екіге бағалар едім", - деді Трамп Вашингтонға аттанып бара жатқан президенттік ұшақ бортында журналистерге.

АҚШ пен Қытай арасындағы келісімге дайындық

Трамптың айтуынша, тараптар болашақ сауда келісіміне қатысты уағдаластыққа келген. Оған жақын арада қол қойылуы тиіс.

"Жақын арада болады деп ойлаймын. Бізде үлкен кедергілер көп емес", - деді АҚШ президенті.

Баж салығы, микросхемалар және Nvidia

Алдын ала келісім жобасына сәйкес, Қытай сирек кездесетін жер металдарын экспорттауға шектеу енгізуді бір жылға кейінге қалдыруға келіскені айтылған. Бұл шарттар жыл сайын қайта қаралады.

Сондай-ақ Трамп Қытай тауарларына салынған кедендік тарифтердің 47 пайыз деңгейінде сақталатынын айтты. Ол Си Цзиньпинмен сауда және технология мәселелерін, соның ішінде америкалық чип өндірушімен ынтымақтастықты талқылағанын атап өтті.

"Біз микросхемалар туралы сөйлестік, олар Nvidia компаниясымен келіссөздер жүргізеді", - деп нақтылады ол.

Украина, Таяу Шығыс және ядролық сынақтар

Трамптың айтуынша, келіссөздер барысында Украинадағы соғыс және Таяу Шығыс қақтығысы да көтерілген.

"Біз Ресей мен Украинаның соғысын тоқтатуға тырысу үшін бірге жұмыс істейміз", - деді ол, сондай-ақ Газадағы уақытша бітім сақталып отырғанын қосты.

Сонымен қатар, ол ядролық сынақтарды қайта бастау туралы шешімін түсіндірді.

"Басқалар сынақ өткізіп жатқандықтан, бізге де оны өткізу орынды деп ойлаймын. Дегенмен, мен әлі де толық қарусыздануды қолдаймын", - деді Трамп.

Сапар жоспарлары және Тайвань мәселесі

Трамп 2026 жылдың сәуірінде Қытайға баратынын, содан кейін Си Цзиньпиннің АҚШ-қа - Флоридаға немесе Вашингтонға келуі күтілетінін айтты.

"Бұл өте достық кездесу болды. Біз бұл диалогты жалғастырамыз", - деді ол.

Сонымен қатар, Трамп келіссөздер барысында Тайвань мәселесі талқыланбағанын атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама