24 желтоқсан 2018 | 10:48

Трамп Сириядан АҚШ әскерін шығару туралы жарлыққа қол қойды - БАҚ

© RFI

Америкалық әскерді Сириядан шығару туралы жарлыққа қол қойылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі дереккөз CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Америкалық әскерді Сириядан шығару туралы жарлыққа қол қойылды, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігіндегі дереккөз CNN телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Олардың мәліметінше, "Сирия мәселесі бойынша жарлыққа қол қойылған". Оның айтуынша, құжатта АҚШ әскерінің қашан шығатыны және шығу тәртібі жазылған, алайда нақты мәліметтерді ол атамаған. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп террорлық ұйымдардың қалдықтарын сол өңірдегі мемлекеттер-ақ жоя алатынын, оның ішінде Түркия да барын айтқан еді. 

"Сирияға қатысты, біз онда басында үш ай ғана болуды жоспарладық, бұл жеті жыл бұрынғы шара еді - біз әлі кетпедік. Мен президент болғанда, ДАИШ күшейіп тұрған еді, ал қазір бұл ұйым әлсіреп қалды. Сондықтан сол өңірдегі мемлекеттер, Түркияны қосқанда, террорлық ұйымнан қалдықтарды жоюға шамасы жетуі тиіс. Біз үйге қайтамыз", - деді Трамп Twitter желісіндегі парақшасында. 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 14 желтоқсанда АҚШ президентімен телефон арқылы сөйлескеннен кейін Сириядағы әскери операцияларды кейінге шегеруді ұйғарған болатын. Ердоғанның айтуынша, телефонмен әңгімелесуден кейін АҚШ президенті Сириядан әскер шығару туралы шешім қабылдаған. 

19 желтоқсанда Трамп Сирияның ДАИШ-ты жеңгенін мәлімдеді. Онда АҚШ-тың 2 мыңға жуық әскері болған. Кейінірек АҚ үй баспасөз қызметінің жетекшісі Сара Сандрес АҚШ-тың Сириядан әскер шығаратыны туралы, алайда бұл терроризмге қарсы күрес халықаралық коалициясын тоқтату шарасы еместігін түсіндірді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная