ПОДЕЛИТЬСЯ
01 ақпан 2021 | 11:02
Трамп сотына бірнеше күн қалғанда адвокаттарынан айырылды - БАҚ
АҚШ экс-президенті Дональд Трамптың командасынан бірнеше адвокат шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
АҚШ экс-президенті Дональд Трамптың командасынан бірнеше адвокат шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.
Жарияланған мәліметке сәйкес, Трамптан оның импичмент туралы ісінде негізгі қорғаушылары болуы керек екі адвокат кетіп қалған - Бутч Бауэрс пен Оңтүстік Каролинадан келген Дебора Барбери. Олардың осы штаттағы көмекшілері Джонни Гассер мен Грег Харрис те бұрынғы мемлекет басшысының командасынан шықты. Тағы бір қорғаушы Джош Ховард та Трамптан кетті.
БАҚ-та Бутч Бауэрс Джордж Буштың президенттігі кезінде Американың Әділет министрлігінде жұмыс істегені жазылды. Ал Барбери - Гассер мен Харрис сияқты бұрынғы федералды прокурор. Жақында Джош Ховард Трамп командасына кіріп, АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон мен Моника Левинскиге қатысты жанжалдарды тергеуге қатысты.
Дереккөздер адвокаттардың кетуі істің бағыты бойынша келіспеушіліктерден болғанын айтып отыр. Экс-президент қорғаушыларынан қарашада өткен сайлауда бұрмалау туралы мәлімдемелер негізінде дәлелдерін айтуды талап еткен. Ал адвокаттар Трамп президенттіктен кеткеннен кейін импичменттің заңсыздығын атап өткісі келген. Алайда ол мұндай стратегиямен келіспеді.
Енді сенатта импичмент жариялау туралы сот процесінде бұрынғы президенттің кеңсесінде Трамптың адвокаттар тобын Дэвид Шон мен Брюс Л. Кастор басқаратыны хабарланды.
Еске салайық, АҚШ конгресінің өкілдер палатасы Трампқа екінші импичментті 13 қаңтарда жариялаған болатын. Бұған Вашингтондағы тәртіпсіздіктер себеп болды, ол кезде бұрынғы мемлекет басшысының жақтастары Капитолий ғимаратына шабуыл жасаған еді. Демократтар экс-президент адамдарды тәртіпсіздікке итермеледі дейді. АҚШ сенат өкілдері де импичментті конституцияға қайшы деп санамайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также