15 шілде 2022 | 12:03

Трамптың бірінші әйелі қайтыс болды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Дональд пен Ивана Трам, 1988 жыл. © AP

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бірінші әйелі Ивана Трамптың қайтыс болғанын хабарлады. Ол 73 жасында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бірінші әйелі Ивана Трамптың қайтыс болғанын хабарлады. Ол 73 жасында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

"Ол керемет, ақылды, әдемі және таңғажайып әйел болды. Үш баласы - кіші Дональд, Иванка және Эрик оның мақтанышы мен қуанышы болды. Ол үшеуімен мақтанатын. Жатқан жерің жайлы болсын, Ивана!", - деп жазды Трамп әлеуметтік желіде.

Кейін ABC News басылымы оның жүрегі тоқтап қалғанын жазды.

Реклама
Реклама

Үш баласының анасы, Ивана Трамп әйгілі кәсіпкердің ісін жүргізуге, атап айтқанда, корпорация ғимараттарының құрылысына белсенді араласқан. 1980 жылдары ерлі-зайыпты Нью-Йорктің ең беделді жұбы саналатын. 1992 жылы олардың дауға толы ажырасуы дүйім жұртты дүрліктірген. Дегенмен, кейінгі жылдары Дональд Трамп бәйбішесімен татуласқан көрінеді. Иванадан туған кіші Дональд Трамп, Иванка және Эрик әкелерінің президенттік сайлауына белсене араласқан.

Ивана Трамп 1949 жылы 20 ақпанда Чехияда дүниеге келген, Америка Құрама Штаттарына эмиграцияға кеткен және Канадада тұрған. Ол 1977 жылдан 1992 жылға дейін Дональд Трамппен некеде болды. Олар бірігіп үлкен бизнес жобасын басқарды. Ажырасқаннан кейін Ивана Нью-Йорктегі Ивана сән үйін басқарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная