ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қыркүйек 2021 | 11:49
Трамптың даулы мәлімдемесінен кейін телеарна сұхбатты үзіп тастады
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп 2024 жылы кезекті сайлау өтетін кезде АҚШ-тың жоқ болатыны туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Huffington Post басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Дональд Трамп Ақ үйдің бұрынғы баспасөз хатшысы Шон Спайсермен Newsmax телебағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Трамптың айтуынша, АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден билік еткен соңғы 8 айда ел "бұрын-соңды болмағандай құлдыраған".
"Біз 2022 және 2024 жылдары өтетін сайлауға барған кезде, бізде мемлекет болмайды", - деп болжады Трамп.
Осы мәлімдемеден кейін телебағдарлама жүргізушісі сұхбатты аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп Байденнің Ауғанстаннан әскерді 11 қыркүйекке дейін шығару жөніндегі жоспарын сынға алған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также