Трамптың ұлы тергеуге шақырылды - БАҚ

Фото: Іnstagram.com/donaldjtrumpjr

Колумбия округі бас прокуратурасының офисі АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлын жауап алуға күтіп отыр. Бас прокуратураның хабарламасында инаугурациялық комитеттің ақшасы Трамптың ұлының қонақүй бизнесіне жұмсалғаны жазылған. Бұл туралы 2020 жылдың қаңтарында шағым түскен, - деп хабарлайды РИА Новости.

Washington Post мәліметінше, прокурорлардың айтуынша инаугурациялық комитет Колумбия округіндегі қонақүйдің бал өткізетін залын жалға алу үшін миллион доллар жұмсаған.

Сондай-ақ басылымның материалында инаугурациялық комитет салықтан босатылған коммерциялық емес ұйым екені аталған. Ал қонақүйдегі бөлмелерді кіші-Трамптың айналасындағы адамдар жалдаған.

Реклама
Реклама

Президенттің ұлы мен Trump Organization инаугурация үшін бөлінген ақшаның көрсеткештерін беру туралы Washington Post-тың сауалына жауап бермеген.

Ал прокуратураға түскен шағымда Трамптың компаниясына инаугурациялық комитеттен алған ақшаны қайтару талап етіліп отыр. Содан кейін ол қаржы қайырымдылыққа жұмсалатыны жазылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама