Трамптың жеңісінен кейін Калифорния тұрғындары АҚШ құрамынан шықпақшы

Трамптың жеңісінен кейін Калифорния тұрғындары АҚШ құрамынан шықпақшы © The National Mem

Трампты? же?ісінен кейін Калифорния т?р?ындары А?Ш ??рамынан шы?па?шы, - деп хабарлайды RT. Соны? ішінде Yes California! ?оз?алысыны? лидері Луис Джей Маринелли, ол б?рыннан Калифорнияны? егемендігі ?шін референдум жасауды ?сынып ж?р. RT порталына берген с?хбатында, ол 8 ?арашада ?зіні? Дональд Трамп?а дауыс бергенін айтады. Маринелли республикашыл президент ?зіні? ойын ?олдап америкалы? штатты? мемлекет болуына к?мегін береді деп ?міттенеді.

Трамптың жеңісінен кейін Калифорния тұрғындары АҚШ құрамынан шықпақшы, - деп хабарлайды RT. Соның ішінде Yes California! қозғалысының лидері Луис Джей Маринелли, ол бұрыннан Калифорнияның егемендігі үшін референдум жасауды ұсынып жүр. RT порталына берген сұхбатында, ол 8 қарашада өзінің Дональд Трампқа дауыс бергенін айтады. Маринелли республикашыл президент өзінің ойын қолдап америкалық штаттың мемлекет болуына көмегін береді деп үміттенеді.

"Мен өз даусымды Трампқа бердім, себебі ол Калифорния штатының бөлініп шығуына көмегін береді. Өзіңіз ойлап қараңызшы: республикашыл кандидат президент болып сайланғаннан кейін мен 1,5 мың хат алдым. Олардың барлығы Калифорнияның болашағы үшін ат салысып жатыр, олар ғажайыптардың іске асатынына сенеді. Сонымен қатар, маған Пэрис Хилтон хабарласып, өзінің көмектесетінін айтты", - деді Луис Джей Маринелли.

"Біздің үкіметіміз (Калифорния үкіметі) заң жүзінде Америка Құрама штаттарынан референдум жасалатын болса бөлініп шығуға дайын екенін көрсетті. Егер қажетті қол саны жиналатын болса - 400 мың, Калифорния үкіметі штат көлемінде сайлау өткізуге тиіс болады. Алайда бұл үшін, біз қаржылық дамудың әлеуметтік жоспарын дайындауымыз қажет. Үлкен резонансты жұлдыздар жасайтын болады: мен қайталап айтамын Пэрис Хилтон біздің жақта. Шамамен біз 2018 жылы референдум өткізетін боламыз. Бұл Калифорния үкіметінің ресми әрі заңды референдум болады", - деді Yes California! қозғалысының лидері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін, 8 қарашада Дональд Трамп АҚШ президенті болып cайланды. Трамп сайлаушылардың 279 дауысын жинаса, Клинтон сайлаушылардың 218 дауысын жинаған.

 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама