Третьяков галереясынан ұрланған қымбат картина құрылыс алаңынан табылды

Третьяков галереясынан ұрланған қымбат картина құрылыс алаңынан табылды © РИА Новости

Мәскеуде Третьяков галереясынан Архип Куинджидың "Ай-Петри. Крым" картинасын ұрлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Мәскеуде Третьяков галереясынан Архип Куинджидың "Ай-Петри. Крым" картинасын ұрлады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости.

РФ ІІМ ресми өкілі Ирина Волктың айтуынша, 31 жастағы ер адам Мәскеу облысы Заречье ауылында ұсталған. Күдікті ұрланған картинаны Одинцов ауданында соғылып жатқан нысан аумағында жасырғанын айтқан. Полицейлер бағалы туындыны тапты.  

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс пайда көру мақсатында жасалған. 2018 жылы желтоқсанда ер адамды Мәскеу полициясы есірткі үшін ұстаған. Қылмыс жасаған уақытта ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүрген. 

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта күдіктімен сыбайлас болғандар анықталып жатыр, тергеу шаралары жалғасады", - деді Ирина Волк.

Осыған дейін белгісіз біреулердің Мәскеуде Третяков галереясынан Архип Куинджидың "Ай-Петри. Крым" картинасын ұрлап кеткені хабарланған еді. Мәдениет министрлігінің мәліметінше, оның сақтандыру бағасы - 12 миллион рубль. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама