09 сәуір 2019 | 11:55

Триполиде қақтығыс салдарынан қаза тапқандар саны 50-ге жетті

© News2World.net

Ливия астанасында бақылауды өз қолына алуды көздейтін жауласқан күштердің қақтығысы салдарынан қаза тапқандар саны 50-ге жетті. Қаза тапқандардың арасында бейбіт тұрғындар да бар, - деп хабарлайды BBC.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ливия астанасында бақылауды өз қолына алуды көздейтін жауласқан күштердің қақтығысы салдарынан қаза тапқандар саны 50-ге жетті. Қаза тапқандардың арасында бейбіт тұрғындар да бар, - деп хабарлайды BBC.

3,4 мыңға жуық адам өз үйлерін тастап кетті немесе құтқарушылардың көмегін ала алмады. Агенттік мәліметінше, әскери қақтығыс аймағынан жараланғандарды құтқаруға тәуекел еткен екі дәрігер қаза тапты.

Реклама
Реклама

8 сәуірде фельдмаршал Халифа Хафтардың басшылығымен Ливия ұлттық армиясының күштері Триполидегі қолданыстағы әуежайға зымыраннан соққы жасады. Оның видеосы да жарияланды. 

Осыған дейін қақтығыс салдарынан 32 адам қаза тауып, 50 шақты адам зардап шеккені туралы айтылған еді. 

Хафтар Триполиді жаулап алу операциясын 4 сәуірде бастаған. 

2011 жылы Ливияда азаматтық соғыс басталды. 1969 жылдан бері елді билеп келген Муаммар Кадаффи тақтан кетіп, өлтірілген еді. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная