18 тамыз 2015 09:56

Царнаевтың адвокаттары үкімнің күшін жойып, қайта сот өткізуді талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джохар Царнаевтың қорғаушылары үкімнің күшін жоюды және Бостоннан басқа жерде тағы бір сот өткізуін талап етіп, апелляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды РИА Новости.


Джохар Царнаевтың қорғаушылары үкімнің күшін жоюды және Бостоннан басқа жерде тағы бір сот өткізуін талап етіп, апелляциялық шағым түсірді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Әділ сот төрелігінің мүддесі үшін сот кінәлі деп табуға, жазалауға қатысты және оны басқа жерде өткізуге қатысты жаңа процесс тағайындау керек", - делінген апелляция мәтінінде. Оның қорғаушыларының айтуынша, айыптаушылар Царнаевтың кінәсін толықтай дәлелдей алмаған.

Қорғаушылардың пікірінше, Бостонда болған шабуылдың ұзақ мерзімді және қоғамдағы белсенділігінің әлсіремеуі, Царнаевтың туыстарына аударылған назар, сонымен қатар, теракттан зардап шеккендердің айтып берген оқиғалары соттың әділ болуына кедергі жасады.

Сонымен қатар, апелляцияда алқа мүшелерінің БАҚ-тардан Бостондағы шабуыл кезіндегі және процесс кезіндегі хабарламаларын оқымай өтуі мүмкін емес екендігі жазылған. Мұндай шешімді адвокаттар Царнаевтың соты кезіндегі қазылардың мүшелерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарын зерттеуден кейін жасаған. "Қарапайым тілмен айтқанда, БАҚ-тардың хабарды дұрыс таратпауы, Бостондағы оқиға мен оның жағдайлары, оның ішінде алқа мүшелерінің әлеуметтік желілері бұл процесті өткізуге жарамсыз етеді", - деп қорытындылады адвокаттар.

Еске салайық, осы жылдың басында Джохар Царнаев Бостондағы үш адам қаза тауып, 260 адам жарақат алған лаңкестікке байланысты айыпты деп танылған болатын. 15 мамырда алқа соты оны өлім жазасына кесті. Бостондағы теракт кезінде қаза тапқандар: 8 жастағы Мартин Ричард, 29 жастағы Кристайл Кэмпбелл және 23 жастағы Линцзу Лу.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети