ПОДЕЛИТЬСЯ
10 наурыз 2022 | 12:52
"Түнде ұшақтар бомбалай бастайды". Украинадағы ерікті елдегі жағдайды айтты
Ресей билігі "арнайы операция" деп атаған шабуыл Украинаның Харьков қаласында 24 ақпаннан бері тоқтамай келеді. Кеше ғана, гуманитарлық дәліздің ашылуына байланысты тынышталған, бірақ мұның өзі түнге дейін ғана. Бұл туралы Харьковте волонтерлікпен айналысып жүрген Виталий Бондаренко айтты. Ол жары қазақстандықтардың Харьковтегі "Бірлік" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Макка Қаражановамен бірге Tengrinews.kz тілшісіне қаладағы жағдайды баяндап берді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ресей билігі "арнайы операция" деп атаған шабуыл Украинаның Харьков қаласында 24 ақпаннан бері тоқтамай келеді. Кеше ғана, гуманитарлық дәліздің ашылуына байланысты тынышталған, бірақ мұның өзі түнге дейін ғана. Бұл туралы Харьковте волонтерлікпен айналысып жүрген Виталий Бондаренко айтты. Ол жары қазақстандықтардың Харьковтегі "Бірлік" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Макка Қаражановамен бірге Tengrinews.kz тілшісіне қаладағы жағдайды баяндап берді.
Виталий Бондаренко негізі жеке кәсіпкер, бірақ 24 ақпанда жарылыстар басталғанда еріктілермен бірігіп, мұқтаж адамдарға көмек көрсете бастаған. Қазақстандықтарға да жәрдем берген, оларды консулдыққа жинап, одан әрі Львовқа жіберген.
Макка Қаражанова соғыстың алғашқы күндерінен бастап эвакуациямен айналысып жатқанын айтты.
"Қазақтарды, Қазақстан азаматтарын топ-топпен әкеттік. Мысалы жиналатын орын әрдайым Харьковте болды. Жалпы бүкіл отбасымен көлік немесе пойызға мініп, кетіп жатқандар көп", - дейді ол.
Виталийдің сөзінше, қалада еріктілер жеткілікті, гуманитарлық көмек жақсы ұйымдастырылған, тарату пункттері ашық.
"Пункттердің мекенжайы үнемі жарияланып отырады. Алайда бензинмен қиындықтар бар. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмыс істейді, бірақ бәрі бірдей емес, олардың мекенжайлары үнемі әлеуметтік желілерде жарияланады. Қоғамдық көлік жұмыс істемейді, метро бомбадан қорғанатын жер ретінде пайдаланылады, онда адам өте көп. Қала мэриясы ол жаққа азық-түлік пен қажет заттарды жеткізіп тұрады", - дейді ерікті.
Ол қаланы бомбалау түнде басталатынын айтты.
"Қаланы түн сайын ұшақтар бомбалай бастайды, "Град" және "Искандер" сияқты зымырандар атылады. Кассеталық және вакуумдық бомбалар қолданылады. Ресей армиясы тонаумен айналысады, олар сол үшін келетін сияқты көрінеді", - дейді Виталий.
Ерікті украиналықтар да, ресейліктер де тонаумен, қиратумен айналысып жүргенін айтты. Тәртіп сақшылары өз бұзақыларын ұстап, жазалап жатыр екен, біреуі тіпті қайтыс болған.
"Жалпы, оларға атуға рұқсат беретін бұйрық бар. Ал ресейліктер бойынша видео материалдар көп", - деді ол.
Виталий Бондаренко 24 ақпаннан бері шабуылдар тоқтамағанын айтып отыр.
"Бүгін ғана тыныш, себебі гуманитарлық дәліз жасауға келісті, бірақ бұл сағат 21.00-ге дейін ғана", - деді ол кеше, 9 наурызда.
Украиналық еріктінің сөзінше, көбі елден кетіп қалуға тырысады, ал қалуды ұйғарғандар сабырлы, тіпті аумақты қорғағысы келетіндер қарасы қажет адамнан көп болғаны сонша, кезек күтуге мәжбүр.
Виталий Бондаренко Tengrinews.kz тілшісіне қала орталығы, әкімшілік, Харьков университеті, Сумская көшесінің суреттерін жіберді. Ол жатын аудандар мүлдем қирап жатқанын, ол жаққа бару қиын екенін айтты.
Суреттер: Виталий Бондаренконың жеке мұрағатынан
Украинада не болып жатыр? Оқиға хронологиясы
Украинада не болып жатыр? 2-бөлім
Жарылыс, әскери көмек, келіссөз. Украинадағы жағдай туралы қазірге дейін не белгілі?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также